Әлеуметтік желідегі роликтер таңбаланады
Енді әлеуметтік желіде жарияланатын түрлі роликтер таңбаланады. Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті нормалар әзірлеп жатыр. Қазір әсіресе әлеуметтік желілерде кісінің абыройына нұқсан келтіретін ақыл айтып, жөн сілтеуге әуес түрлі коуч, балгер, псевдопсихологтардың видеолары желдей еседі. Бұл құбылыс қоғамға пайдасынан гөрі зиянын тигізіп отыр. Сондықтан, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеулер енгізілмек. Мысалы, оқыту материалы бар контентті тарау кезінде тиісті білімнің бар екендігі туралы хабарламамен таңбалау ұсынады. Қазіргі уақытта осы ұсыныстар қоғамдық талқылаудан өткізілуде.
Әлем желіні аша қалсаң, мотвация беретін түрлі роликтерден көз сүрінеді.
Ал, көпшілік псевдо мотиваторлардың кеңесін тыңдап, жағдайын жақсартып алғысы
келеді. Бірақ, шынтуайтында арнайы білімі де, тиісті дайындығы да жоқ
адамдардың арбауына түсіп қалып жататыны жасырын емес. Енді желіге жарияланатын
жазбалар заңмен реттелді. Әр ролик тиісті білімнің бар екендігі туралы
хабарламамен таңбаланып, жүктеу ережелері өзгереді. Мәдените және ақпарат
министрлігі әзірлеп жатқан құжат алдағы күндері Парламентте талқыланбақ.
Осы жылы маусым айында музейлерге кіру құны өзгерді. Мысалы, туристер көп
табан тірейтін «Әзірет Сұлтанға» кіру құны 1000 теңге деп бекітілген. Ал «Берел»
музей-қорығының билеті бұдан екі есе арзан. Айта кетейік, келушілерден түскен
қаражат музейлердің инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ қызметкерлердің
әлеуетін көтеруіне жұмсалады.
Ал, мемлекеттік архивтер заңнамаға сай бірқатар ақылы қызметтер көрсетеді.
Бұдан түскен қаражат толықтай архивтердің өздерінде қалады және олардың дамуына
бағытталады. Атап айтқанда, түскен табыс материалдық-техникалық базаны
нығайтуға, мамандардың әлеуетін арттыруға, архив материалдарын сатып алуға
жұмсалады. Бұл бір жағынан архивтердің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.
Айтпақшы, заң жобасы аясында мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесін беру
көзделіп отыр. Осылайша архив қызметкерлерінің жалақысын 1,75 коэффициентке
өсіруге жол ашылады.
Бүгінде кітапхана қызметкерлерінің еңбекақысы 2022 жылмен салыстырғанда екі
есе өсті. Айлық мөлшері кітапханалардың әртүрлілігіне, деңгейіне, қызметкердің
біліміне, санатына, еңбек өтіліне және лауазымына тікелей байланысты. Ал
"Ұлттық" статусы бар кітапханада жұмыс істейтін мамандар жалақысы
орта есеппен айына 300-4 30 мың теңге мөлшерінде. Сонымен қатар ауылдық
жерлерде, экологиялық апат аймақтарында және радиациялық тәуекел аумақтарында
еңбек ететін мамандарға қосымша төлемдер беріледі.

