Алты автожол ақылы болады
Биыл тағы 6 бірдей жаңа тас жол
ақылы болады. Бұл туралы үкіметтегі жиында көлік министрі айтты. Сөзінше, оның
жалпы ұзындығы шамамен 2 мың шақырым. Авто жол елдің батысы мен шығысында іске
қосылмақ. Қазір қолданыста бас-аяғы 5 мың шақырымға жуықтайтын 26 ақылы жол бар.
Оның 14 учаскесіндегі төсеме сапасы көңіл көншітпейді. Жөндеу керек. Былтыр осы
ақылы жолдардан қазынаға 87 млрд теңге қаржы түскен.

