Әскерге көшеден алып кету заңды

Әскерге көшеден алып кету заңды

Әскерден жалтарып жүрген азаматтарды көшеден ұстап әкету заңды. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Десе де қазіргі таңда мұндай жағдайларға жол бермейміз дейді министрлік. Өйткені жігіттерді күштеп апарғаннан гөрі олардың әскер қатарына өз еріктерімен қосылғандары әлдеқайда маңызды деп түсіндірді.

Айта кетейік, осы күзде әскерге 20 мың азаматты шақыру жоспарланған.