Әскери міндетін өтегендер қайта даярлықтан өтіп жатыр

Әскери міндетін өтегендер қайта даярлықтан өтіп жатыр

Бұрын әскери міндетін өтеп қойған 1,5 мың азамат қайта даярлау курсынан өтуде. Қарағандыда «Спасск» оқу орталығындағы жиынға еліміздің бес өңірінен запастағы жауынгерлер жиналған. Олар бір ай бойы білімі мен әскери техникаларын пысықтап, даярлығын дамытуға міндетті. Түрлі қаруды, заманауи техникаларды меңгеріп, ұрыс тактикасын үйренеді.