Ассириялықтар кімдер?

Ассириялықтар – ең көне әрі жұмбақ ұлт. Ассирия 2-ші ғасырдан біздің заманымызға дейін өмір сүрген жер бетіндегі ежелгі империялардың бірі. Бұл мемлекет Ирак, Иран, Мысыр, Сирия және Израиль жерінде әскери күш белең алған шақта жақсы дамыды. Алайда 7-ші ғасырдан бастап империяға жаулары шабуыл жасап құлдырауына әсер етті. Соның салдарынан бұл ұлттың өкілдері әр мемлекетте өмір сүрді. 20-шы ғасырда әлемде миллионға жуық ассириялық болған. Бірақ қазіргі таңда ұлт өкілдерінің айтуынша, жер бетінде 4 миллионға жуық ассириялық азамат бар. Олар қоғамның әр саласында еңбек етеді, білім алып ел дамуына елеулі үлес қосады. Сондай ассириялықтың бірі – Элина.