Астана Халықаралық форумы маусым айында өтеді

Астана Халықаралық форумы маусым айында өтеді

13-14 маусым күндері  Қазақстанның астанасында жыл сайынғы Халықаралық Астана форумы өтеді. Ауқымды шараны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  ашады.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сай, пікірталас алаңында шетелдік үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялар, іскерлік және ғылыми қауымдастықтың делегаттары өзара сыртқы саясат, халықаралық қауіпсіздік, энергетика, климаттың өзгеруі, экономика, қаржы, және тұрақты даму сынды жаһандық маңызға ие тақырыптар  әңгіме өзегіне айналады.

Білікті сарапшылар осы мәселелердің түйінін тарқату қамында ой өрбітіп, тәжірибе алмасады. Шараға тіркелу ашық.