Атом энергетикасының экологияға әсері

Атом энергетикасының экологияға әсері

Атом электр станциясы болашақта ең қауіпсіз әрі қоршаған ортаға зияны аз энергия көзіне айналады. Маңғыстаулық эколог Орынбасар Тоқжанов осылай дейді. 

Оның айтуынша, әлем елдері көмірсутек жағуды тоқтатпаса климат қатты өзгереді. Сондықтан эколог елімізге Атом электр станциясын салу қажет деп отыр. Жалпы бүкіләлемдік келісім бойынша 2060 жылы Қазақстан мүлдем көмірсутекті отынды яғни көмір, газ тағы басқа заттарды жағуды тоқтату керек.

Орынбасар Тоқжанов, эколог:

– Әлемде мына жағдайға қарайық: Көмір өндірген, мұнай өндірген, газ өндірген немесе метал түрлі рудалар өндірген елдер әлемде кейін қалды. Әлемдегі озып шыққан елдер бұл молекулалар мен атомдардың қасиеттерін зерттеп оның бөлшектерін пайдалана білген елдер ғана әлемде озық елдерге айналды. Белгілі бір  тәуекелге бармаған ел ешқашан да ғылымды дамыта алмаған. Сондықтан да атом электр станциясын дамыту қажет деп есептеймін.