Сармат жауынгерлерінің сүйегі табылды

Қазақстандық археологтар кезекті сенсациялық жаңалықпен бөлісті. Атырау облысында Қарақұдық қорымынан  сарматтар дәуірінің 3 жауынгерінің сүйегі табылды. Үлкен олжаға археологтар көне  қорымға жүргізген қазба жұмыстары кезінде кенелген. Сонымен қатар жебелер, найза, қылыш және тас қайрақ пен қыш құмыра табылған. Бір қорғанда 3 адамның жерленуі археологияда сирек кездеседі дейді мамандар. Енді табылған сүйектерге антропологиялық зерттеу жүргізілмек.

Амангелді Зайнов, археолог:

- Қарақұдық қорғандар тобы 2012 жылы археологиялық барлау-зерттеу жұмыстары кезінде анықталған болатын. Ол сармат дәуірінің тарихи ескерткіштері болып есептеледі. Археологиялық зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Екінші кезеңді халықаралық экспедиция шеңберінде өткіземіз деп жоспарлаудамыз.