Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 120 мың доллардан беріледі

Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 120 мың доллардан беріледі

11 А - бұл Үндістандағы ұшақ апатында аман қалған жалғыз жолаушының отырған орны. Қазір Вишваш Кумар Рамеш Ахмедабадтағы ауруханада жатыр. Оның өміріне қауіп жоқ. Бүгін оның халын сұрап, палатасына Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди келген. Вишваш Кумар Ұлыбритания азаматы екен. Оның қасында бауыры болыпты. Бірақ ол қаза тапқан. Марқұмдар қатарында тағы 241 адам бар. Барлығы Ахмедабад әуежайына жақын аумақта апатқа ұшыраған бортта отырған. Әуе келесі медициналық жатақханаға құлағандықтан онда да марқұм болғандар бар. Үндістан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір ұшақ апатынан қаза тапқандардың жеке тұлғаларын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізіле бастаған. Ал апаттың себебін анықтаумен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының хаттамаларына сәйкес Әуе апаттарын тергеу бюросына жүргізеді. Сондай-ақ, апатқа ұшыраған ұшақ тиесілі компания Air India қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына 120 мың доллардан беретін болды.