Қазақстандық «Егеуқұйрық» картинасы халықаралық кинофестивальдерде жүлдегер атанды

Солардың бірі режиссер Жантемір Баймұхамедов түсірген «Егеуқұйрық» картинасы бірден 4 халықаралық кинофестивальде  үздік деп танылды. Жақында ол Мальтада өткен 60-шы мерейтойлық қысқаметражды фильмдер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Фильм 60-тан астам елден ұсынылған 320 киномен бәсекеге түсті. Сонымен қатар лента Бразилияда өткен кинофорумда бас жүлдеге, сондай-ақ Шотландия, Макао және Ресейде өзге де марапаттарға ие болды.

Жантемір Баймұхамедов, режиссер:

- Таспа несімен көрермендердің жүрегін жаулап алды? Бәлкім, еуропалық көрермен үшін біздің еліміз терра инкогнито - мүлде беймәлім жер болғандықтан шығар. Дегенмен Еуропа гуманизмді жоғары бағалайтынын білесіздер. Ал, бұл картина толығымен гуманизмге құрылған. Фильмдегі бас кейіпкер «Менің өмірімде адамдар маған егеуқұрықтарға қарағандай назар аударған емес» деп атап өтті. Осыған байланысты дүниежүзіндегі адамдардың картинаны ынтамен қабылдағаны да содан болар. Оларға картина қатты ұнағаны көрініп тұрды.

Адам достығы мен ... егеуқұйрық. Фильм өткен ғасырдың 80-жылдарында болған шынайы оқиғаға негізделген. Автордың айтуынша, ол осы тақырыпта картина түсіру идеясын көптен бері ойлап жүрген.

Жантемір Баймұхамедов, режиссер:

- Өйткені 80-жылдары «Ленинская смена» газетінде бір адамның пәтерінен егеуқұйрықты қалай тапқаны туралы мақала жарияланды, осыдан кейін оның өмірі күрт өзгерген. Фильмде шынымен де егеуқұйрықты түсірдік. Бұл Люси есімді біздің басты кейіпкеріміз. Өз жұмысын жоғары деңгейде ойнап шыққан тамаша жануар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық режиссер комедиялық веб-сериал түсірумен айналысуда. Сонымен қатар Испанияда тағы бір фильмнің түсіріліміне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Оған Жантемір Баймұхамедов шақырту алған режиссер ретінде қатысады.