Ауылдарды дамыту үшін 54 жоба жүзеге асты
Ақмола облысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 54 жоба жүзеге асты. Өңірде әлеуеті бар 300-ге жуық ауыл анықталып, оларды дамыту үшін түрлі бағыттағы жұмыстар қолға алынды. Елді мекендерде мектеп, мәдениет үйлері салынып, ауылішілік жолдар жөнделді.
Бурабай ауданына қарасты Қарашілік ауылында 750 адам тұрады. Елді мекенде
биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бірқатар ілкімді істер атқарылған.
Жергілікті мектепке күрделі жөндеу
жасалды. Бұл мақсатта 171 млн теңге бөлінген.

