Әйгілі саясаттанушы Б. Бузан Астанада дәріс оқыды

Әйгілі саясаттанушы Б. Бузан Астанада дәріс оқыды

Әйгілі саясаттанушы, философия ғылымдарының докторы Барри Бузан Астанаға келді. Ол мұнда «Еларалық және өңіраралық мүдделер. Жаһандық тепе-теңдікті сақтау» тақырыбында дәріс оқыды. Аты аңызға айналған Лондон экономика мектебінің профессорын тыңдауға белгілі ғалымдар, дипломаттар мен сарапшылар жиналды. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізге арнайы келген профессорге алғыс білдіріп, жаһандық орнықты даму, жалпыға бірдей қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты ой-пікірімен бөлісті. Өз кезегінде Барри Бузан өркениетаралық диалог орнату, бейбітшілікті сақтау және біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру туралы сөз қозғады.