Батыс Қазақстан облысында 10 жаңа автобус пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысының автобус паркі 10 жаңа көлікпен толықты. «Yutong» маркалы заманауи автобустарда жолаушыларға жайлы жағдай жасалған. Жергілікті билік өңірде халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған шаралар жалғасатынын жеткізді. Жүргізушілерге көлік кілттері салттанатты түрде табысталды.
Оралда күн сайын 280-нен астам қоғамдық көлік желіге
шығады. Олар 26 қалалық, 10 саяжай және 7 шаһар маңындағы бағыттар бойынша
қатынайды. Автобус парктерін жаңғырту мен техниканы жаңартып толықтыру
жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Түйткілді мәселелер жергілікті атқарушы органның
қолдауымен оң шешіліп келеді.

