Батыс Қазақстан облысында жаңа нысандар ашылды
Батыс Қазақстан облысындағы жүзден астам түтіні бар Тоғанас ауылында мәдени-спорт кешені пайдалануға берілді. Ал, Қаратөбе ауданындағы елді мекендерге санитарлық автокөліктердің кілті табысталды. Аймақ басшысы жұртшылықпен жүздесіп, ілкімді істер жалғаса беретінін жеткізді. Мемлекет басшысының жолдауында айқындалған мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, жергілікті атқамінерлердің ел алдындағы есебін тыңдады.
Тоғанаста
ашылған жаңа нысан «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерді.
Кешеннің ашылу салтанатына аймақ басшысы да қатысты. Мұнда шығармашылықты
шыңдауға да, спортпен шұғылдануға да мүмкіндік бар. Көрермен залы 108 орынға
шақталған.

