Британдық инвестор Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға ниетті

Британдық инвестор Қазақстандағы жобаларға инвестиция салуға ниетті

Ұлыбритания Ядролық физика институтының жаңа әзірлемелеріне инвестиция салуға және қазақстандық радиоактивті изотоптарды сатып алуға ниетті. Тиісті құжатқа еліміздің Энергетика министрлігі мен «Ostro Minerals» компаниясы қол қойды. Айта кетейік, ғылыми ұйымның негізінде қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттар, сондай-ақ, өнеркәсіптік пайдалануға арналған радиоизотоптар шығарылады. Институт еліміздегі медициналық мекемелерге жеткізілетін радиофарм өнімдері  жалпы көлемінің 90% өндіреді.