Цифрлық тәуелсіздік пен киберқауіпсіздік - жаһанның жаңа бағыты
Осы жасанды интеллект енген заманда цифрлық тәуелсіздік пен
киберқауіпсіздіктің маңыздылығы арта түсті. Бұл бағытта қандай жұмыстар
атқарылып жатыр? Ақтауда «Digital Mangystau IT Forum – 2025» шарасы өтіп,
панельдік сессияларда осы тақырыптар кеңінен талқыланды. Басқосуға мемлекеттік
органдар, IT-компаниялар және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Стартаптар таныстырылды. «Startup Battle» байқауының жеңімпаздары кімдер? Тілші
материалында.
Маңғыстау да ІТ саласы қарқынды дамыптып келе жатқан аймақтың бірі. Мұнда
мемлекет қолдауымен бүтін бір инфрақұрылым қалыптасқан. Өңірдің цифрлық
технология алаңы атанған - «Mangystau IT Hub» соның мысалы. 2 жыл ішінде
орталықта 200-ден астам іс-шара өткізілген.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
- ІТ мен жасанды интеллект дамымаса, мемлекет ешқашан алдыңғы қатарға
бармайды. Ол түсінікті жағдай. Облысымызда алғаш рет спорт интернат ашайық деп
жатырмыз. Тура сондай неге ІТ, жасанды интеллект мектебін салмасқа деген ой
мазалап тұр қазір. Маңғыстауда болатын осындай мектептің концепциясын қазір
жасап жатырған топ бар.
ІТ форум аясында «Цифрлық трансформация», «Киберқауіпсіздік» тақырыбында
панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Startup Battle» байқауына 11
команда ұсынған жобалар таныстырылған. Бұл сайыс жергілікті стартап
бастамаларды қолдауды көздейді. Сонымен қатар, жас инженерлер «Robo League»
турнирінде бақ сынасты.
Құдайберген Алмағамбетов, Маңғыстау облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:
- Бүгінгі форумның негізгі мақсаты - біздің стартаптарды халықпен, бизнес
өкілдерімен таныстыру. Әрі қарай дамыту. Халықаралық аренаға шығып, біздің
елімізді дамытуға үлкен үлес қосады деп ниеттеміз. 38 команда қатысуда әртүрлі
жарыстарға.
Айгерім Мәжтай, Mangystau HUB жетекшісі:
- ІТ саласына қызығушы жастарды тарту, әрмен қарай ІТ стартаптарға серпін беріп олардың дамуына жол ашу және осы дәстүрі ретінде жылдан-жылға цифрландыруды дамыту мақсатында осы форум бастау алған болатын.
Жалпы жүлде қоры 3,5 млн теңге. Форум қорытындысы бойынша байқаулардың
жеңімпаздары марапатталды.

