«Даму бала» платформасында жемқорлық ісі анықталды
Жымқырған 88 млн теңгенің бір бөлігін коттедж алуға,
екінші жартысын көлікке жұмсаған. Қызылордада «Даму бала» платформасында ақылы
қызмет көрсететін кәсіпкерлерден аса ірі көлемде қаржы бопсалаған мониторингтік
топ мүшелері сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпарына қарағанда, бақылаушы
топ құрамында болғандардың бірі өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып,
сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін реттеп, «оң шешім шығарып
береміз» деп алдаған. Сот шешімімен күдіктілер 6 және 5 жылға бас
бостандықтарынан айырылды.

