Дүниежүзілік нарықта мұнай тапшылығы сезілуі мүмкін

ОПЕК+ шеңберіндегі келіспеушіліктер мұнай тапшылығына әкелуі мүмкін. Егер альянс елдері өндіріс көлемін шілдедегідей сақтаса, онда нарықтағы қара алтын қоры қысқарады. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттік мәлімдеді.

Мұнай төңірегіндегі тұрақсыздық өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүдделеріне сәйкес келмейді. Сарапшылар Эр-Рияд пен Әбу-Даби арасындағы қақтығыс көп қиындықтар туғызып отырғанын айтады.  Коронавирустық дағдарыс кезінде жинақталған қара алтынның артық көлемі пайдаланылып, ал қор көлемі орташадан төмен түскен. Егер ОПЕК+ елдері келісім жасайтын болса, олардың өндірісті тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайтуы тұтынушылардың қажеттіліктерінен айтарлықтай аз болады.

Халықаралық энергетикалық агенттік жаһандық мұнайға деген сұраныстың биыл тәулігіне 5 млн баррельден, ал келесі жылы 3-ке өсуін күтеді, бірақ кейбір елдерде коронавирустың қайта өрши түсуі бұл болжамдарға қауіп төндіруі мүмкін.