«Edubridge»: Павлодарда халықаралық еріктілер форумы өтті
Биыл – Халықаралық Еріктілер жылы. Осыған орай Павлодарда халықаралық волонтерлер форумы өтті. Алқалы жиынға Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан сынды елдерден келген делегациялар қатысты. Басқосудың мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибие алмасу және инклюзивті білім беруді дамыту.
Үш күнге созылған форум еріктілермен қатар, игі істің басы-қасында жүрген
азаматтарды бір алаңға тоғыстырды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тың
тәжірибиелерімен бөлісті. Шетелдік қонақтармен серіктестік байланыс орнап,
бірлескен жобалар қолға алынды.
Нишана Жэналиева, волонтер (Қырғызстан):
- Форум мазмұнды әрі
пайдалы өтті. Жаңа орта қалыптасып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік
туды. Бішкекке барған соң, осы бастамаларды жалғастырамыз.
Инклюзивті білім беру
– форумның негізгі бағыты. Жиында сарапшылар
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау, инклюзивті ортаны дамыту
жолдары талқыланды.

