Екі спорт нысаны ашылды
Маңғыстау облысының Қарақия
ауданында екі спорт нысаны салынды. Жаңа ғимараттар Мұнайшы және Жетібай
ауылдарында бой көтерді. Сондай-ақ, Маңғыстауда заманауи демалыс орны және
балалар лагері де ашылды. «Aqqu Resort & Camp» деп аталатын кешен Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Жоба Мемлекет
басшысының туризм мен өңірлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын
жүзеге асыру аясында іске асты.

