Елдегі елеулі өзгерістер
Биыл ел экономикасы 5 пайызға өседі. Ол
туралы Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдер
парламенттерінің спикерлерімен кездесуде айтты. Мемлекет басшысы мәртебелі
меймандарға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және
әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде айтты. Былтыр еліміздің жалпы ішкі
өнімі шамамен 290 миллиард долларға жетті. Қазір ірі инфрақұрылым жобаларын
жүзеге асыру, жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту, ауыл
шаруашылығына жан-жақты қолдау көрсету, көлік-логистика саласының әлеуетін
арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев
«Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстан құруды түпкі
мақсатымыз деп атады.

