Нарықта мұнай бағасы арзандады

Әлемдік нарықта мұнай арзандады. Дүйсенбі күнгі кешкі саудада биржадағы «қара алтын» құны 2,5% төмендеді. Бұған дейін баға 4% қысқарған еді. Бірнеше апта ішінде алғаш рет Brent маркалы шикізат 69 доллардан төмендесе, ал WTI 67 доллар шамасында саудаланды. Инвесторлар қазірдің өзінде алаңдаушылықтарын білдірді. Олардың пікірінше, бұл мұнайға деген әлемдік сұраныстың азаюына алып келуі мүмкін. Бұл Қытайдағы жаңа шектеулерге және сол бағыттағы көлік қозғалысының қысқаруына байланысты. Биылдың екінші тоқсанында 8 ірі мұнай компаниясының жалпы кірісі 45 млрд доллардан асқан.