Еліміз шетелге мұнай экспортын ұлғайтады

Еліміз шетелге мұнай экспортын ұлғайтады

750 млн тоннадан астам мұнай. Қазақстан 20 жылда бір ғана мұнай құбыры арқылы әлемдік нарыққа осынша көлемде «қара алтын» экспорттаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығына арналған шарада осылай деді. Президент дәл осы желі арқылы қазір жылына 67 млн тонна «қара алтын» тасымалдауға болатынын атап өтті. Ал 2023 жылы оның қуатын 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Мегажобаны іске асыру Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі кен орындарын игеруге тың серпін берді. Қазіргі таңда елімізде өндірілетін мұнайдың 60% осы кен орындарына тиесілі. Президент мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасының өсу қарқынын айқындайтын саланың бірі екенін атап өтті.