Елімізде жастардың жалақысын көбейту көзделді

Елімізде жастардың жалақысын көбейту көзделді

Жаңа Қазақстанды құру жолында жастарға сенім мол. Президент олардың іскерлік бастамаларын барынша қолдауды тапсырды. Бұл орайда «Жастар іс-тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысу мерзімі ұзарып, жалақыны көбейту көзделіп отыр. Яғни жастар кездейсоқ нәпақамен күнін көруі тиіс емес. Тұрақты табыс көзімен қамтылуы керек. Мұны белсенді де жігерлі ел жастары жақсы түсінеді, қолдайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», – дейді халық даналығы. Елордалық «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Бақдаулет Жанділдаев өскелең ұрпақты жастайынан еңбеқорлыққа баулу маңызды дегенді алға тартады. Ол үшін білімге деген құштарлығын оятып, мақсат-жоспарларын ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар бар екенін түсіндіру керектігін айтады.

Бақдаулет Жанділдаев, «Жас Отан» ЖҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты:

- Жастардың бойында құқықтық сауаттылықты күшейту керек. Оларды білімге тарту мәселесі басты орында. Оны бірінші кезекте, өз тарапымыздан іске асыратын боламыз. Қазір елорданың өзінде жастарды қолдау бойынша көптеген бастаманы қолға алып отырмыз. Пәтермен қаму бойынша «Елорда жастары» деген бағдарламаны іске қостық. Одан бөлек, жұмысшы жастарға жалға берілетін пәтерлер бар. Жыл сайын жергілікті бюджеттен орта мамандандырылған оқу орындары, колледждерге 4 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Мәслихат тарапынан қолдап, бақылап отырмыз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов