Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтті

Әлемдік және дәстүрлі лидерлері съезінің Ізгі ниет елшілері институтын енгізу және форумның миссиясын кеңейту. Ең үлкен дінаралық диалог алаңын дамыту мен нығайтуды көздейтін осы және басқа да жаңалықтарды бүгін Астанада әлемдік рухани көшбасшылар мақұлдады. Сонымен қатар Съезі Хатшылығының XXI отырысында оның алдағы 10 жылға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді. Шараны ашқан Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының Жолдауын оқып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев рухани көшбасшылардың адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша, сын-қатерлерді еңсеру үшін халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру маңызды. Президент ол үшін бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақыратын дүниежүзілік қозғалыс қажет екенін жеткізді.

Мәулен Әшімбаев,  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы:
- Рухани лидерлер осы бақытта күш жұмылдырып барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін. Хатшылықтың бүгінгі отырысыда осы мақсатқа орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дінаралық және өркениетаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді. Оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары ретінде ұсынады. Баршаңызға әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының жұмысына белсене қатысқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.   

Жиынға 23 елден 28 делегация қатысты. Атап айтанда бұл – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм, сондай-ақ басқа діндер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Қадірменді меймандар Астана қашанда әлемнің рухани астанасы ретінде танылған.  Дәл осы шаһарда әлемдік діндер көшбасшылары жиырма жыл бойы бас қосып бүкіл адамзатты бейбітшілік пен бірлікке үндейді. Түрлі дін өкілдері дөңгелек үстел аясына жиналып, бірліктің жарқын үлгісін  паш етеді.

Самир Сомайя, «Somayavidyavihar» индология орталығының президенті:
- Әлемде террористік актілер жиілеп кетті. Осындай аса күрделі уақытта тек өзара бірігу арқылы ғана бейбіт әлем құруға болатынын әр адам білуі керек. Достықтың нышанына айналған дәл осы дәстүрлі шара бейбітшілікке келіссөздер арқылы қол жеткізуге болатынын айғақтайды. Жер-жаһан халқы үшін болашақ ортақ. Сондықтан оны жарқын ету үшін бір үйдің балаларындай жұмылуымыз керек. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ Жібек жолы бойындағы Қазақстан о бастан түрлі мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстыратын көпір іспетті. Қазір ол игі істі Астана лайықты жалғап келеді.  

Сондай-ақ жиын барысында әлемдік дін көшбасшылары соңғы 7-ші съездің қорытындыларын талқылап, келесі отырыс 2025 жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді.