«От» фильмі Екатеринбургтегі Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Қазақстандық режиссер Айжан Қасымбектің «От» фильмі Екатеринбург қаласында өткен халықаралық дебюттік фильмдер арасындағы байқауда озық шықты.

Халықаралық додаға Қазақстаннан өзге Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Сербия мемлекеттерінің дебюттік туындылары қатысқан. Бұл ретте біздің елімізден байқауға екі фильм ұсынылып, «От» гран-при иегері атанса, Әлішер Жәдігеровтың «Отау» атты туындысы «Үздік халықаралық дебюттік ойыны» үшін номинациясында жеңгенін айта кеткен жөн. Байқауға ұсынылған картиналарды ирандық режиссер, продюсер, сценарист Мехди Фардгадери бастаған қазылар алқасы бағалады.