Энергетика саласы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Энергетика саласы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Елімізде мұнай мен газ өндіру тоқтатылған жоқ. Үш мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, транспорттық шектеуге байланысты тек «Теңіз» кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Сондай-ақ кей өңірдегі жанармай құю бекеттеріндегі газ сатылымында уақытша шектеу байқалады. Бүгінгі таңда бензин және дизель отыны бойынша қалдықтар 20 күндік қажеттілікті жабу үшін жеткілікті.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Жағдайдың тұрақталуын ескере отырып, жанармай құю бекеттерінің иелері сұйытылған газды сатуды қалпына келтіруде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бөлшек саудадағы бағалар 1 литріне 50-75 теңге аралығында төмендеді. Шағын және орта бизнестің шығындарын қалпына келтіру үшін олар өндірушілермен төмендетілген бағалар бойынша келісімшарттарды қайта жасайтын болады.