ІТ мамандардың орташа айлығы 700 мың теңге
Елімізде IT-мамандар 700 мың теңгеден жоғары жалақы алады. Ал, компаниялардың саны 18 мыңнан асты. Ол туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл салада кадрларға сұраныс жоғары. Tech Orda бағдарламасы бойынша келесі жылға дейін 20 мың IT-маман даярланады. Жалпы соңғы үш жылда шамамен 82 мың адам біліктілігін арттырған. Ал, жасанды интеллект технологиясына 5 жыл ішінде 1 миллион адамды оқыту жоспарланып отыр.

