JLO концертіне байланысты Астана Арена маңайында пәтер бағасы қымбаттады

JLO концертіне байланысты Астана Арена маңайында пәтер бағасы қымбаттады

Дженнифер Лопестің концерті елорданың жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етті. Концерт қарсаңында жалдамалы пәтер бағасы күрт өскен. Бұған дейін Астана Арена маңындағы бір бөлмелі пәтерлер тәулігіне 12-15 мың теңгеден жалға берілсе, қазір бұл көрсеткіш 30-35 мың теңгеге жетіп отыр. Ал екі бөлмелі пәтерлердің бағасы 45 мың теңгеге дейін көтерілген. Сарапшылардың сөзінше,  пәтерге деген сұраныс бір апта бұрын-ақ байқала бастаған.