Қ.Тоқаев И.Әлиевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қ.Тоқаев И.Әлиевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжанның кезектен тыс президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Телефон арқылы сөйлесуінде мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті. Олар  Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған деп қосты. Өз кезегінде Әзербайжан басшысы  әріптесін құттықтағаны үшін алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.