Қ.Тоқаев Қатар экономикалық форумына қатысты

Қ.Тоқаев Қатар экономикалық форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада екінші Қатар экономикалық форумына қатысты. Еске сала кетейік, Қазақстан басшысы Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен осы елге жұмыс сапарымен барған. Форум «Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі» тақырыбына арналған. Жиынға қатысушыларының арасында Еуропа, Азия және Африка мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, компания жетекшілері бар. Форум қорытындысы бойынша пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсынылмақ. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Көшбасшылар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға екі жақтың да ұмтылысы бар екенін айтты. Сөз соңында Мемлекет басшысы Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәниді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.