Қ.Тоқаев «Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды

Қ.Тоқаев «Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған мүлікті қайтару туралы заңға қол қойды. Құжатта ірі сыбайлас жемқорлық және олигополистік топтар субъектілеріне қолданылатын барлық тетік көрсетілген. Активтерді қайтару жұмыстарын мемлекеттік органдардың ақпараты негізінде мониторинг пен талдау жүргізетін арнаулы уәкілетті орган жүзеге асырады. Талдау қорытындысы бойынша, егер уәкілетті органда сатып алынған активтердің заңдылығына қатысты орынды күмән туындаса, ол активтерді қайтару жөніндегі комиссияға осындай субъектілерді тиісті реестрге қосу туралы ұсыныстар енгізеді. Егер тұлға активтерді иемденудің заңдылығын растай алмаса, онда мұндай активтер шығу тегі түсініксіз деп танылады. Заң ережелері шекті сомадан, 44 млрд теңгеден асатын мүлкі барларға қолданылады. Заңсыз иемделінген активтерді қайтару сот актілері негізінде ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Қазақстан пайдасына түскен активтер Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.