Картиналары ЮНЕСКО кітаптарына енген суретші қыз
Ол – суретшілер отбасында, бояулардың ортасында өскен қазақ қызы.
Оның бала кезде салған картиналары ЮНЕСКО әзірлеген кітаптарға еніп, Нидерландыдағы көрмеге қойылған.
Оны дизайнер ретінде Президент оркестрі секілді үлкен ұжым мойындап, университет қабырғасында оқып жүргенде тапсырыс берген.
«Еркін сұхбат» бағдарламасының кезекті қонағы – атақты суретші Әбілхан Қастеевтің шөбересі, дизайнер Айсәнім Қастеева.