Каспий теңізіндегі шекараларды бекітетін алғашқы құжат қабылданды

Каспий теңізінің суы тартылғанның өзінде елдер аумағын межелейтін сызық сол күйінде қалмақ. Жоғарғы палата депуттаттары осыны көздейтін келісімді мақұлдады. Жаңа құжат қос тарапта теңіз түбін бөлуге қатысты даулардың туындауына жол бермейді.

Бұл Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасындағы шекараны заңды түрде бекітетін алғашқы құжат.

Айта кетейік, тарихи шарт шекара сызығын айқындаумен қатар балық кәсіпшілігі аймақтарының аражігін ажыратудың қамында әзірленген. Сондай-ақ, теңіздің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Бастысы әрине өзара құрмет, сенім, тең құқық, достық және ынтымақтастық рухында шекаралық мәселелерді реттеуде тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз ету. Еске салайық, бұл шартқа былтыр 25 қазанда Ашхабад қаласында қол қойылған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осы Заң Қазақстанның Түрікменстанмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін аяқтауға және екі мемлекет арасындағы Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараларды заңды түрде бекітуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта заң екі ел арасындағы тату көршілік қатынасты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деп сенеміз.