Қазақстан 57 елмен визасыз режимді тоқтату туралы шешімнің мерзімін ұзартты
Қазақстан 57 елмен орнатқан біржақты визасыз режимді тоқтату туралы құжаттың мерзімін ұзартты.
Ел Үкіметі коронавирусқа қарсы күрес аясында осындай шешім қабылдады. Бұл тізімге АҚШ, Австралия, Австрия, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері сында мемлекеттер кірді.
Айта кетейік, алғаш рет визасыз режим туралы құжаттың күші былтыр сәуір айында тоқтатылған.
Ақпарат көзі: 24kz