Қазақстан ЕАЭО Сыртқы шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін модернизациялайды

Қазақстан ЕАЭО Сыртқы шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін модернизациялайды

Қазақстанның кедендік инфрақұрылымы жаңғыртылуда. Бұл туралы үкіметте өткен кеңесте айтылды. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекеті жарақтандырылуда. Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесі де пысықталатын болады.