Қазақстан FIFA рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстан FIFA рейтингінде жоғары көтерілді

Sports.kz сайтының мәліметінше, Ұлттық құрама рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша 112-орыннан 104 сатыға табан тіреген. Сарапшылардың айтуынша, бұған ұлттық құрманың Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия мен Сан-Мариноны айқын жеңуі ықпал еткен. Десе де, рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Бірінші орында Аргентина, Франция екінші, Бразилия үшінші сатыда тұр.