Қазақстан құрылыс материалдарының импортынан арылып келеді 

Былтыр осы бағыттағы отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 66%-ке жеткен, деп хабарлайды www.energyprom. Мәселен, өткен жыл бойы ішкі нарықта сатылған құрамалы құрылыс металл конструкцияларының 96%-ке жуығы өзімізде өндірілген. Ал, отқа төзімді цемент, ерітінділер және ұқсас қоспалардың 86%-тен астамы жергілікті зауыттардан шыққан. Нәтижесінде сыртқы тәуелдікттен арыла бастадық. 2022 жылы өзге елдерден жеткізілетін құрылыс материалдарының жалпы көлемі 8%-ке азайған. Саланың ауыз толтырып айтарлық енді бір жаңалығы былтыр Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі алғаш рет бір триллион теңгелік межеден асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда  25,6% артық.