Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы жарты жылда 11 миллиард долларға жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында 11 млрд доллардан асты. Бұл рекордтық көрсеткіш деп хабарлайды еліміздің Ұлттық экономика министрлігі.  Әсіресе экспорт көлемі  жоғары. Біздің елден Қытайға жеткізілім 6 миллиард доллардан асты. Аспан асты еліне экспорттың өсімі мұнай жөнелтілімдерінің 4 есеге жуық артуы есебінен көбейіп  отыр. Ал, Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 51%-тен астамға көп. Яғни 2 миллиард 850 миллион долларды құрады. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестікті нығайтуға дайын. Осылайша, Алматы мен Сычуань провинциясы арасындағы меморандум негізінде ғылым мен білім саласына қытайлық инвестиция тартуды көздеп отыр. Сондай-ақ тағы бір құжат аясында қазақстандық мегаполис пен Шэньчжэнь арасындағы IT бизнесті қолдау және Smart City цифрландыру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.