Қазақстан мен Оңтүстік Корея білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Кореяның жоғары оқу орындары Қазақстанның дарынды студенттеріне  мемлекеттік гранттар беруге дайын. Өз кезегінде біздің елімізде жаңа оқу жылында Оңтүстік Кореядан келген 20 студент тегін білім алады. Жуырда екі елдің Білім министрліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Бүгінде Корея Республикасы біз үшін Азия аймағындағы ғана емес, әлемдегі басты серіктестердің бірі. Мәселен, қазір Корея Қазақстанның барлық сауда серіктесі арасында 4-ні орында. Сондықтан қазір осы саланы қамту үшін қолайлы сәт деп ойлаймын. Біз индустрияландыру бағдарламасы аясында машина жасау және автомобиль инженерлерін даярлауға мүдделіміз. Қазірдің өзінде Қазақстанда корей көліктерін шығаратын және құрастыратын бірнеше автокөлік зауыттар бар.

Қазақстандық бес ЖОО Сеул ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Соған сәйкес білім орындарының студенттері академиялық алмасу бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореяда оқи алады. Жуырда аталған университеттің Қазақстанда филиалын ашу мәселесі де қарастырылып жатыр.