Қазақстан мен Пәкістан: Маңызды серіктеске айналады

Қазақстан мен Пәкістан: Маңызды серіктеске айналады

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді де қабылдады. Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, екі ел арасындағы өзге де байланыстарды дамыту мәселесі талқыланды. Президент Пәкістанды Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты. Қазір екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистикалық байланыстарын ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар. Асим Мунир Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ыстық ықыласын да жеткізді. Әрі қос мемлекеттің Қорғаныс министрліктерінің ықпалдастығына жоғары бағасын берді.