Қазақстан нарығындағы әлемдік брендтердің саны артады
Алдағы уақытта Қазақстан нарығындағы әлемдік брендтердің
саны артады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров
айтты. Қазірдің өзінде біздің елде жұмыс істеп жатқандары аз емес. Енді олардың
қатарын Араб түбегінен, Қытайдан, Түркиядан келетін шетелдік ірі компаниялар
толықтырады. Әсіресе, кен игеру, ІТ салаларында басымдық көп. Тіпті, жақында
Қазақстанда әйгілі британ-швед фармацевтика компаниясы жұмысын бастайды. Ол
онкологиялық ауруларды емдейтін препараттарды шығарумен айналысады.

