Қазақстан Сан-Мариномен визасыз режимді енгізеді

Қазақстан Сан-Мариномен визасыз режимді енгізеді

Қазақстандықтардың жаһандық өрісі кеңейеді. Қазақстан мен Сан-Марино Үкіметтері визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жасасты. Осыған сәйкес екі жақты барыс-келіс жеңілдейді. Яғни, енді азаматтарымыз елдеріміз арасында емін-еркін қатынап, 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Алайда үш айдан артық болуды жоспарлағандар өз елінен шықпас бұрын тиісті визаны рәсімдеуі керек. Келісім тараптардың түрлі бағыттағы ынтымақтастық әлеуетін арттырып, алыс-берісін ұлғайтуға тың серпін бермек,- дейді мамандар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі әзірлеген құжатқа Сан-Марино бірден үн қатқанын айта кеткен жөн.