Қазақстан сенімді континенттік транзиттік хабқа айналуға ниетті

Үкімет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруда холдинктің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы аса маңызды екенін тілге тиек етті. Оның құрылысы Орталық Азия аймағында ең ірі әуежайлардың бірінің жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясының әлеуетін кеңейтеді деп күтілуде. Өз кезегінде холдинг басшысы жаңа терминал келер жылы қолданысқа берілетінін айтып, Қазақстанда басқа да жобаларға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.