Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін шара қабылдады

Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін шара қабылдады

Қазақстандық шаруаларға қайтадан мемлекеттік көмек көрсетіледі. Үкімет ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруалардан астық сатып алу үшін 31 млрд теңге бөледі. Атап айтсақ, 4 және 5 санаттағы, сонымен қатар, ешқандай сұрыпқа жатпайтын астықтың 350 мың тоннасы сатып алынады. Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы шаруаларға қолдау көрсету мақсатында осындай тапсырма берген еді. Бүгінде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып, 17 млн га алқаптан дәнді және бұршақ дақылдары жиналды. 16,6 млн тонна бидай, оның ішінде 11,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Осының өзі дәнді дақылдар, тіпті, ұнмен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспортқа жіберуге жеткілікті. Айта кетсек, жалпы 2023 жылы Үкімет АгроӨнеркәсіптікКешенді субсидиялауға барлық көздерден 494 млрд теңге, оның ішінде Үкімет резервінен өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 60 млрд теңге бөлді. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бағытталды.