Қазақстан жүлде саны бойынша Азия ойындарында үздік бестікке кірді

Қазақстан жүлде саны бойынша Азия ойындарында үздік бестікке кірді

Қазақстан жазғы Азия ойындарынында жүлде саны бойынша үздік бестікке кірді. Қытайдың Ханчжоу қаласында 80 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы рейтингте 5-і орынға табан тіреді. Отандастарымыз – 10 алтын, 22 күміс және 48 қола жүлде иеленген. Айта кетсек, жарыс қожайындары – Қытай құрамасы 383 медальмен топ жарды. Оңтүстік Корея 190 жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Жапония 188 медаль алып, үздік үштікті қорытындылады. Төртінші орынды 107 рет жеңіс тұғырынан көрінген Үндістан спортшылары иеленді.