Қазақстанда 2027 жылы 2 миллион тонна «Жасыл» сутегі өндіретін зауыт құрылысы басталады

Қазақстанда 2027 жылы 2 миллион тонна «Жасыл» сутегі өндіретін зауыт құрылысы басталады

Қазақстанда «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі жобаны Маңғыстау облысында жүзеге асыруға дайындық жүргізілуде. Бұл жөнінде мемлекет басшысына Svevind Energy Group компаниясының бас директоры мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Вольфганг Кропп Инвестициялық келісім аясында алдын ала жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіле бастағаны жөнінде баяндады. Осылайша елемізде жоба аясында су тұшыту зауытын, 40 гигаваттық жаңартылатын энергия көздері станцияларын, сондай-ақ қуаты 20ГВт-тық жылына 2 миллион тонна «жасыл» сутегін немесе 11 миллион тонна «жасыл» аммиак өндіре алатын суды электролиздеу қондырғысын салу көзделген. Инвестицияның алдын ала болжамды көлемі 50 миллиард евродан асады. Компания басшысының айтуынша, инфрақұрылым құрылысы 2027 жылы басталып, 2032 жылы пайдалануға беріледі.