Қазақстанда ауыз судың 3,6 мың орны барланды
Қазақстанда 3 600 астам ауыз су орны барланды. Ондағы су көлемі қазір 15,5 текше шақырымды құрап отыр. Тіршілік нәрі халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп, сондай-ақ, шаруашылық қажеттілігін өтеу үшін қолданылмақ. Айта кетер жайт, осы мақсатта елде жұмсалатын су көлемі 1 текше шақырым шамасында. Жаңа барланған қор есепке алынып, қадағаланады. Еліміздегі су кодексіне сәйкес, жаңа барланған тіршілік нәрінің орны тек есепке алынып қана қоймай, оның үстіне заңмен қорғалады.
Алмас Амангелді,
Су ресурстары және ирригация министрлігі
департаментінің бас сарапшысы:
- Жер асты су
қоры тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Министрлік жалпы жерасты
суларын зерттеуге көп көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы
шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жерасты су ресурстарына
мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөнінде қызмет құрылады. Сондай-ақ
өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
геология комитетінің жерасты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі Су
ресурстары және ирригация министрлігінің
құзыретіне өтеді.