Қазақстанда дизель отынына сараланған бағалар белгіленді

Қазақстанда дизель отынына сараланған тариф белгіленді. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес, жағармай құны литріне 450 теңгеге бекітілді. Дегенмен,  дизель отынына  қойылған лимитке сәйкес    күніне 100 литр көлемде босатылады. Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткендерге бір литріне белгіленген құны - 230-260 теңге. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит - 300 литр.

Жанармай бағасы бойынша аса өзгеріс жоқ. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 187 теңге болса, басқа облыстарда литріне 182 теңгеден саудаланады.