Қазақстанда дизель отынының лимиттері бекітілмек

Жыл сайын орақ науқанында көптің көкейінде жүретін сауал. Биылғы күзгі егіс жұмыстары кезінде дизель отынының құны шарықтай ма? Энергетика министрлігі алыпсатарлықтың жолын кесіп, тапшылық туғызбау қамында арнайы жоба әзірледі. Оған сәйкес баға тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады. Яғни, ел азаматтары үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда лимит – 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 230-260 теңге. Сондай-ақ, жүк көлігі үшін егер жүргізуші куәлігі және темір тұлпарын Қазақстан аумағында тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттар бар жағдайда шектеу 300 литр болады. Ал, транзиттік көліктер үшін қалта қағарлық құнмен өткізіледі. Белгіленген көлемнен артық аламын дейтіндер болса литрі 450 теңгеден сатылады. Бұл тәртіпті 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу көзделген.